ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2023 жылды қорытындылады: Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстанда креативті индустрияларды дамыту үшін барлық жағдай жасалуда

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2023 жылды қорытындылады: Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстанда креативті индустрияларды дамыту үшін барлық жағдай жасалуда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустрияларды тиімді дамыту үшін нақты шараларды қолға алуда.

Институционалдық база құрылды. Үкімет креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітіп, іске асыруда. Ол креативті технологияларға жататын қызметтің 43 түрін айқындайды.

Осы саланы дамыту жұмыстарын үйлестіру үшін министрлік жанынан Креативті инсдустрияларды дамыту департаменті құрылды.

Креативті индустрияларды мемлекеттік қолдау және дамыту пакетін әзірлеу жөнінде шаралар қабылданды. Осы үдеріс аясында мәдениет, білім, салық, авторлық құқық және басқа да салаларға қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Заң жобасы дайындалуда.

Бүгінде креативті индустрияларда 95 мың адам жұмыспен қамтылса, белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны 32 мыңды құрайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесе дөңгелек үстел өткізіліп, онда креативті индустрияларды дамыту бойынша ұсыныстар айтылып, серіктестіктің әлеуетті жобалары анықталды.

Бірлескен жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде өңірлер бойынша зерттеулер жүргізу, халықаралық сарапшыларды тарту және «шығармашыл» күштерді біріктіру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық және республикалық форумдар ұйымдастыру жоспарлануда.

Осылайша, БҰҰДБ-мен бірлесіп Қазақстанның Орталық Азиядағы креативті индустриялардың әлеуетті көшбасшысы ретіндегі рөлін нығайту шаралары әзірленуде, бұл халықаралық аренада креативті индустриялардың  дамуына қуатты серпін беретіні сөзсіз.

Орталық Азияның креативті индустриялар форумы барысында креативті индустриялар саласында кәсіпкерлер үшін кадрлар даярлау және қаржы құралдарын ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленді. Форумдарда шығармашылық кластерлер мен орталықтарды құру және дамыту, саланы кешенді дамытудың заңнамалық шаралары талқыланады.

Білім беру воркшоп-сессияларын қамтитын креативті жобалардың питчингтері аясында 200-ден астам адам оқытылды.

Білім, сәулет және қала құрылысы саласында 5-тен астам жоба қаржыландырылып, 70 миллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі