Онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

Онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

2023 жылғы 15 желтоқсанда сағат 16:00 онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді.

Отырыста Ұлытау, Жетісу, Абай және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептерді тыңдау жоспарланған. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланып, мүгедектігі бар адамдардың қазақ тіліндегі контентке және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі мәселесі қаралатын болады.

Комиссия отырысының трансляциясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Facebook-нің ресми парақшасында өтеді: https://www.facebook.com/profile.php?id=61554437004339

Комиссия отырысы сурдо және синхронды аудармамен сүйемелденеді.