Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша  конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі міндетті теле-, радиоарналар тізбесінде бос екі орынға міндетті теле-, радиоарналар тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.

Қазіргі уақытта міндетті теле-, радиоарналар тізбесі 15 телеарнаны қамтиды.

«Телерадио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңы 7-бабы 1-тармағының 12 тармақшасына және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 204-НҚ бұйрығына сәйкес міндетті теле -, радиоарналар саны 17-ге (2 бос орын бар) дейін кеңейтілді.

Конкурс ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығымен бекітілген міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес өткізіледі.

Қағидаларға сәйкес конверттерді ашу 2024 жылғы 10 қаңтарда сағат 15.00-де мына мекен-жайда өтеді: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8 (Министрліктер үйі), 14-кіреберіс, (745-кабинет). Конкурс қорытындысы конверт ашылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарылады.

Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай құжаттарды қамтуы тиіс:

Шығармашылық ұсыныстар

Үміткер:

1) теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);

2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпарат ұсынады:

- теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, аналитикалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, радиобағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);

- хабар таратудың тілдік арақатынасы, қазақ тілінде теле-, радиобағдарламаларды трансляциялау уақыты;

- меншікті теле-, радиобағдарламалардың, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалардың және ретрансляцияның арақатынасы;

- хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

- шығармашылық және техникалық қызметкерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуеті.

Техникалық ұсыныстар

Үміткер ұсынады:

1) теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және типі туралы ақпарат;

2) аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамалары;

3) тиісті стандарттарды көрсете отырып, дыбыс пен кескінінің сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларды эфирге беру жөніндегі міндеттемелер;

4) студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны телерадио хабарларын тарату операторларына беру тәсілі туралы ақпарат;

5) теле-, радиоарнаны көрсетілген тізбеге енгізген жағдайда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі бекітілген күннен бастап алты ай ішінде сигналды (теле-, радиоарнаны) жеткізуді және үміткердің техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторының желісіне қосуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме.

Заңды және қаржылық ұсыныстар

Төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:

- үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер);

- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік;

- үміткердің салық берешегінің, сондай-ақ, міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы;

- телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-, радиоарнаны таратқаны үшін ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына анықтама берілген күннің алдындағы 1 айдан аса созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама.

Конкурстық құжаттарды ұйымдастырушының мекен-жайына тіркелген, нөмірленген түрде және соңғы беттің сыртында үміткердің уәкілетті тұлғасының қолы және мөрмен (болған жағдайда) бекітіліп, аузы жабылған конвертте ұсынады және мынадай талаптарды сақтайды:

  • конкурсқа қатысуға өтінім салынған, мөрленген конверттің беткі жағында үміткер ұйымдастырушының және үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетуі тиіс;
  • құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ұсынған конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін белгіленген мерзім өткенге дейін тіркеу журналына енгізеді.

Конкурстық құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 (Министрліктер үйі), 14 кіреберіс, 972 кабинет, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Өтінімдерді қабылдау оларға қоса берілген құжаттармен бірге ақпараттық хабарлама ресми жарияланған күннен басталады және сенбі мен жексенбіден басқа күндері арасындағы сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісті қоспағанда  сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады және 2024 жылы 9 қаңтарда сағат 12.00-де аяқталады.

Қосымша ақпарат алуға арналған байланыс телефондары: 8 (7172) 74-13-12, 74-10-12, 74-03-43.

 

Нысан

Телерадио хабарларын таратуды

дамыту мәселелері жөніндегі

Комиссия төрағасына

 

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін

қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға өтініш

 

Жалпы мәліметтер:

  1. Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде):

_______________________________________________________________________

  1. Заңды тұлға:

________________________________________________

  1. Байланыс телефондарының нөмірлері, электрондық мекенжайы:

_________________

  1. Есепке қою туралы куәлікке сәйкес теле-, радиоарнаның атауы:

__________________________________________________________________________

  1. Тақырыптық бағыты:

______________________________________________________

  1. Тарату аумағы :

________________________________________

Қоса беріліп отырған құжаттар:

1.________________________________________________________________________

2.________________________________________________________________________

3.________________________________________________________________________

Бірінші басшының/жеке кәсіпкердің қолы

Мөрдің орны (бар болса) 20___ жылғы "___" ___________

 

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама