Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама

Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді  (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама

Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді

(радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама

 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірде № 489 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі.

Қағидаларға сәйкес конверттерді ашу 2024 жылғы 10 қаңтарда сағат 16.00-де Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы,                     8 (Министрліктер үйі), 14 кіреберіс, 745 кабинетте өтеді. Конкурс қорытындысы конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жоғарыда көрсетілген мекенжайда шығарылады.

Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.

Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай құжаттарды қамтуы тиіс:

Шығармашылық ұсыныстар

Үміткер:

1) радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);

2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты:

- радиоарнаның тақырыптық бағытын;

- хабар таратудың тілдік арақатынасы, радиобағдарламаларды қазақ тілінде тарату уақытын;

- меншікті радиобағдарламалардың, сатып алынатын радиобағдарламалардың және қайта таратудың арақатынасын;

- хабар таратудың орташа тәуліктік уақытын;

- шығармашылық және техникалық қызметкерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуетін ұсынады.

Техникалық ұсыныстар

Үміткер:

1) теле-, радиоарналарды қамту аймақтарының шекаралары мен радиотаратушы жабдықты орнату орнын көрсете отырып, болжамды қызмет көрсету аумағының жергілікті картасын;

2) мынадай мәліметтер көрсетілетін түсіндірме жазбаны:

- телевизия сигналын дыбыстық сүйемелдеу типін (бірсөзді, көпсөзді);

- теле-, радиоарналарды тарату үшін жоспарланған жабдықтың болуы, сипаттамалары, жай-күйі және типі туралы ақпаратты;

3) теле-, радиоарналарды тарату стандартын орындау туралы міндеттемелерді;

4) арнаға орташа ақпараттық жылдамдықты және хабар тарату сапасының жоспарланған стандарттарын қолдау туралы міндеттемелерді;

5) телерадио хабарларын тарату немесе бір бағдарламалы хабар тарату желісін ұйымдастырудың сызбанұсқасын;

6) жерсеріктік байланыс арналарын қосымша пайдаланған жағдайда:

- пайдаланылатын жасанды жерсеріктерінің атауы, орналасуы және тиесілілігі (жерсеріктік оператор), олардың тұру нүктесі, қызмет көрсету аймағын;

- жерсеріктік оператор ұсынған жерсеріктік қабылдау-тарату станцияларының желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлардың көшірмесін;

- орын алатын жиіліктер белдеуін (пайдаланылатын жерсеріктік ресурстың мөлшері).

7) талапкердің техникалық құралдарын (жерүсті немесе жерсеріктік) көрсете отырып, сигналды (радиоарнаны) ұлттық оператор желісіне радиоарна көрсетілген тізбеге енгізілген жағдайда, жиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарының) тізбесі бекітілген күннен бастап алты ай ішінде жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді ұсынады.

Заңды және қаржылық ұсыныстар

Төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар, оның ішінде:

- үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер);

- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік;

- үміткердің салық берешегінің, сондай-ақ, міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы;

- телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-, радиоарнаны таратқаны үшін ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына анықтама берілген күннің алдындағы бір айдан аса созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама.

Конкурстық құжаттарды ұйымдастырушының мекен-жайына тіркелген, нөмірленген түрде және соңғы беттің сыртында үміткердің уәкілетті тұлғасының қолы және мөрмен (болған жағдайда) бекітіліп, аузы жабылған конвертте ұсынады және мынадай талаптарды сақтайды:

  • конкурсқа қатысуға өтінім салынған, мөрленген конверттің беткі жағында үміткер ұйымдастырушының және үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетуі тиіс;
  • құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ұсынған конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін белгіленген мерзім өткенге дейін тіркеу журналына енгізеді.

Конкурстық құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 (Министрліктер үйі), 14 кіреберіс, 972 кабинет, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Өтінімдерді қабылдау оларға қоса берілген құжаттармен бірге ақпараттық хабарлама ресми жарияланған күннен басталады және сенбі мен жексенбіден басқа күндері  арасындағы сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісті қоспағанда  сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады және 2024 жылы 9 қаңтарда сағат 12.00-де аяқталады.

Қосымша ақпарат алуға арналған байланыс телефондары: 8 (7172) 74-13-12, 74-10-12, 74-03-43.     

Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама