
Әлемдік және дәстүрлі діндердің Съезінің VI Съезіне арналған баспасөз мәслихатында ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын Съезге қатысушылар арнайы декларация қабылдағанын атап өтті.
"«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алтыншы съезінің қатысушылары арнайы декларация қабылдады, олар діндер съезінің өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту және нығайтуға бағытталған жаһандық алаң ретіндегі ерекше рөлін атап өтті. Съездің тағы бір маңызды оқиғасы - өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту бойынша Назарбаев орталығын құру туралы шешім қабылдау болды. Бұл шешім декларацияда көрініс тапты», - деп атап өтті Берік Арын.
Вице-министр сондай-ақ, Діндер форумының 15 жылдығына орай шығарылған арнайы пошта маркасының таныстырлымы өтетіні туралы айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазан күні Астанада Съезд аясында «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі» жаһандық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы ретінде», «Құбылмалы геосаясаттағы дін: адамзаттың ынтымағы үшін жаңа мүмкіндіктер», «Дін және жаһандану: қатерлер мен жауаптар», «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлер экстремизм және терроризмді еңсеруде» тақырыптарында секциялық отырыстар өтуде.
Съезд жұмысына әлемнің 45 елінен 80-нен астам делегация қатысуда. Олардың ішінде беделді саясаттанушылар, ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, зороастризм діндерінің лидерлері, сондай-ақ халықаралық және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуда.

