Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің 15 жылдығына арналған арнайы пошта маркасы шығарылды

Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің 15 жылдығына арналған арнайы пошта маркасы шығарылды
Әлемдік және дәстүрлі діндердің VI Съезінің жабылу рәсімінде Съездің 15 жылдығына арнайы шығарылған пошта маркасының таныстырылымы болып өтті.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлернің VI Съезіне арналған пошта маркасы жиырма маркадан құралған маркалық парақ түрінде 4 түрлі түсте офсеттік баспада жасалған. Марканың таралымы- 20 мың дана. Маркада Съездің логотипі, Бейбітшілік және келісім сарайы, зәйтүн ағашының бұтақтары мен бейбітшіліктің символына айналған көгершіндер бейнеленген. Сондай-ақ,қазақ және ағылшын тілдерінде «Әлемдік және дәстүрлі діндердің VI Cъезі» деген жазу бар.
Салтанатты рәсімге ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев және «Казпошта» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Сакен Сарсенов қатысты.