Дархан Кәлетаев Тұрақты даму мақсаттары бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобын өткізді

Дархан Кәлетаев Тұрақты даму мақсаттары бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобын өткізді

Бүгін 12 қазан күні ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен  Қазақстанда «Бейбітшілік» бағыты бойынша 2030 жылға дейін Тұрақты даму мақсаттарын енгізу және іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимас Шимомор, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дархан Кәлетаев аталған кездесу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2030 жылға дейінгі БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын алға жылжыту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарының бір бөлігі екенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, Тұрақты даму 17 мақсаттық көрсеткіштен тұрады, оны жүзеге асыру үшін ведомствоаралық бес жұмыс тобы анықталған.  Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі «Бейбітшілік»- қауіпсіз және бейбіт қоғам, қуатты институттар және сот төрелігі бағытын  жүзеге асырады.

Аталған мақсат тұрақты даму үшін бейбіт жәнеашық  қоғамды насихаттауды, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз етуді және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беруші ұйымдарды құруды көздейді.

Тұтастай алғанда, Қазақстандағы Тұрақты даму мақсатын  жүйелі жүзеге асыру Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) көрсеткіштеріне қол жеткізу арқылы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына қосылу процесін жеңілдетуі керек.

Отырыс барысында айтылған ұсыныстарды ескеріле отырылып, «Бейбітшілік» бағыты негізінде Тұрақты даму мақсаттарын енгізу және іске асыру бойынша жауапты тұлғалар анықталды.