
Қазан айының басында ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрайымы Әлия Ғалымова Еуропа мен ТМД елдері бойынша БҰҰ Еріктілер бағдарламасының өкілдері Дмитрий Фрищин және Роберт Свинкелспен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстандағы еріктілер қызметін дамыту саласындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Әлия Ғалымова Қазақстандағы еріктілер қызметі саласында Азаматтық қоғам істері комитетінің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Қазіргі кезде ерікті қызметті жүйелі түрде дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында 2018-2020 жылдарға арналған еріктілер қызметін дамыту жөніндегі Жол картасы жүзеге асырылуда. Жол картасы аясында ретінде елдегі еріктілер қызметін үйлестіру және дамыту үшін функционалды онлайн-платформа әзірленуде.
Бұдан бөлек, еріктілер ұйымдарының қажеттіліктері туралы белсенді үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтар туралы ақпаратты қамтитын «Еріктілер ұйымдарының картасы» құрылды.
«Волонтерлік корпус» республикалық жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның шеңберінде еріктілерге кеңес беру, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету бағытында орталық және өңірлік волонтерлік орталықтар құрылды.
Облыстық әкімдіктердің мәліметтері бойынша, республикада 22 мыңға жуық бар, 167 волонтерлік ұйымдар белсенді жұмыс істейді. Еріктілер білім, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуына қарсы күрес салалары бойынша қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады; мүгедек балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ауыртпашылық өмірлік жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету; жоғалған адамдарды іздеу және т.б. бойынша қолдау көрсетеді.
Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдар еріктілік саласындағы 25 жобаны жүзеге асыруда. Жобалар еріктілерді даярлау, еріктілер мен еріктілер ұйымдарын әлеуметтік жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға, жастар арасында волонтерлік қызметті дамытуға, еріктілер ұйымдарының бастамаларын қолдау және еріктілердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталған.
Мысалы, биылғы жылдың шілде айында еріктілер Алматы облысында «Балаға өмір сыйла» акциясын өткізді, оның барысында еріктілердің көмегімен Сарқан ауданында онкологиялық ауруға шалдыққан балаға материалдық көмек көрсетілді.
Биылғы жылы Талдықорған қаласының тұрғыны Елдос Баяшылбаев «Асар» автоволонтерлік жобасы туралы бастама жасады, аталған жобаның негізгі идеясы облыстың әрбір азаматы мүмкіндігі шектеулі жандарды өз көліктерімен тасымалдауға бағытталған. Жергілікті атқарушы органдар жоба операторларының жұмыс істеуіне ғимарат бөліп, осылайша аталған жобаға қолдау көрсетті.
Өңірлерде мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілердің өзара іс-қимылы, олардың жұмысын бақылау және волонтерлерді (Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында) еріктілер бағдарламасын жүзеге асыруға қатыстыру үшін еріктілерді тартудың негізгі әдістері бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Сондай-ақ, қазан айында Астанада республикалық семинар өткізу жоспарланып отыр.
Өз кезегінде, БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасының өкілдері қазіргі тәжірибе мен БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасының әдістемелік базасын қолдана отырып еріктілерді оқытуды ұйымдастыру және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету бойынша елдегі волонтерлік инфрақұрылымды дамытуға әдістемелік қолдау және көмек көрсетуді ұсынды.
Кездесуге қатысушылары бұдан бөлек, БҰҰ Бас Ассемблеясының 2015 жылғы 17 желтоқсандағы A / 70/481 қарарына сәйкес тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы еріктілік қызметті ықпалдастыру бойынша 2020 жылға арналған Жаһандық техникалық кездесуді дайындауға және өткізуге Қазақстанның қатысуын талқылады.
Кездесу соңында Әлия Ғалымова БҰҰ-ның өкілдерін Қазақстанның VIII Азаматтық форумы қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуға шақырды. Алдағы Азаматтық форум аясында еріктілерді, қайырымдылық жасайтын азаматтар мен меценаттарды марапаттауға арналған «Жомарт-жүрек» салтанатты шарасын өткізу жоспарланған.
World Giving Index мәліметі бойынша 2016 жылы Қазақстанда волонтерлік қызметті жүзеге асыратын халықтың үлесі 14%, 2017 жылы - 18%.
БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы (БҰҰ) БҰҰ-ға мүше елдермен 1970 жылы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жетекшілік ететін БҰҰ жүйесінің еншілес ұйымы болып табылады. БҰҰ қызметінің негізгі бағыттарының бірі - бейбітшілік пен ерікті қызметтің арқасында қауымдастықтың тұрақты дамуына жәрдемдесу. БҰҰ еріктілері кедейлікті азайту бағыты бойынша, босқындармен, балалармен және мүгедектермен жұмыс істейді; білім беру мен денсаулық сақтау, тұрақты даму, тиімді басқару, гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтарын қорғау салаларында жұмыс істейді.