
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ) және Астана қаласындағы Халықаралық Медиация институтымен бірлесіп, «Қоғамдық қатынастар салаларында медиацияны қолданудың халықаралық тәжірибесі» атты семинар-тренинг өткізіп жатыр.
Шараға бірқатар министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың, Астана қаласы соты мен медиаторлардың өңірлік қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысып жатыр.
«Астанадағы Түркі мемлекеттері Ұйымының X саммитінде Мемлекет басшысы әлемдегі медиацияның рөлін арттыру міндетті өзекті екенін атап өтті. Әлемдік қақтығыстар өршуінің бүгінгі кезеңі медиацияны дамыту азаматтық қоғамның басым бағыттардың бірі екенін және дауды шешу тетіктерін жетілдіру мен Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап ететінін айқын көрсетіп отыр», - деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров алғы сөзінде.
Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі медиация саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Мәселен, Қазақстанда алғаш рет қоғамдық медиаторларды оқыту бойынша мемлекеттік грант іске асырылып жатыр, медиация саласын зерделеу бойынша социологиялық зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.
Семинар-тренинг 2 күн өтеді, ал қатысушыларға халықаралық сертификат береді.