
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясының басшысы Оуэн Мерфимен кездесті.
Тараптар Қазақстанда азаматтық қоғаммен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформаларды, сондай-ақ азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын талқылады.
Данияр Қадыров Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылғы 25 мамырда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заң қабылданғанын және бейбіт жиналыстарды құқықтық реттеуді айтарлықтай жеңілдететінін атап өтті. Үш жыл ішінде 800-ден астам бейбіт жиын өтті.
«Қазақстанда БАҚ-ты мемлекеттік қолдаудың өзіндік моделі қалыптасты. Оны әзірлеу барысында Ұлыбританияда, Жапонияда, Германияда және Ресейде қоғамдық теледидарды енгізу тәжірибесі жан-жақты зерттелді. Қазір елімізде 211 отандық және 290 шетелдік телеарна жұмыс істейді. Әлеуметтік маңызы бар тақырыптар күн сайын эфирде көтеріледі», - деді вице-министр.
Өз кезегінде Оуэн Мерфи Қазақстанға консультативтік және сараптамалық көмек көрсетуге, оның ішінде БАҚ мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және журналистиканы дамыту саласында көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық негізгі мәселелер бойынша байланыстарды дамытуға келісті.