
Министрмен кездесуде азаматтық қоғам секторының өкілдері қоғамда белсенділікті дамыту, журналистердің біліктілігін арттыру, жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосу, әлеуметтік зерттеулер жүргізу, ұлтаралық қатынастар, сондай-ақ дін және басқа да салалардағы жобаларды жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарын айтты.
Министр барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап берді, сонымен қатар барлық ұсыныстар жан-жақты зерттеліп, ескерілетінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша алдын ала жазылу бойынша тұрақты түрде қабылдайды.