
Бүгін Қазақстанда Ұлттық валюта күні аталып өтілуде. 1993 жылғы 15 қарашада еліміздің төл валютасы - теңге айналымға енгізілді.
Осы жылдар ішінде ұлттық валюта жаһандық қаржылық дағдарыстарға төтеп беріп қана қоймай, одан әрі дамып келеді. Бүгінде Қазақстанның қаржы секторы өңірдегі озық секторлардың бірі болып танылды, ал «Цифрлық теңге» жобасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс елімізге қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, инновациялық қаржы өнімдерін жасау үшін заманауи технологияларды пайдаланатын әлемдік көшбасшылардың қатарында болуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 15 қараша ҚР Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады. Сіздерге қаржылық әл-ауқат, өркендеу, кәсіби жетістіктер, алдағы жұмыстарыңыз еліміздің экономикасы мен қаржылық әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталсын деп тілейміз.