
2023 жылғы 9 қарашада сағат 17:00-де Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ЮНЕСКО ұйымдастырған оқыту іс-шаралары курсынан медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша кезекті онлайн-сессия өтеді.
«Балалар мен жасөспірімдер өмірінің қауіпсіздігі» сессиясында қатысушылар өмірге және денсаулыққа қауіпті жағдайлардан қалай шығу керектігін, буллингтен, телефон алаяқтарынан қалай қорғану керектігін білетін болады.
Спикерлер ретінде Алмагүл Мұхамедханова, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Үздіксіз білім беру институтының бас ғылыми қызметкері, Айгүл Ракижанова, Астана қ. әкімдігі «Әдістемелік орталығы» МКҚК Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы сөз сөйлейді.
Курс Дүниежүзілік медиа және ақпараттық сауаттылық апталығының іс-шаралары шеңберінде өткізіледі.
Сыни ойлау дағдыларын, киберқауіпсіздік негіздерін, ақпаратпен, медиамен және технологиялармен саналы және мағыналы өзара әрекеттесу жолдарын меңгеруге қызығушылық білдірушілерді шақырамыз.
Сессиялар ZOOM платформасында онлайн-форматта өтеді. https://us06web.zoom.us/j/84930792087?pwd=Zu46vUuli3SLIA7GtdleGlp40g7zoE.1 (Конференция идентификаторы: 849 3079 2087, кіру коды: 837950).
Курстардан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда мына сілтеме бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз: https://forms.gle/1ncDJ5AnAx84Km3SA.
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады +7 7172 740186.