Арман Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Арман Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы әуендері» МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

2007-2009 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК домбыра тобының әртісі.

2009-2013 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-де оқытушы, аға оқытушы.

2013-2018 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК бас дирижері.

2018-2023 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ректоры.

2023 жылғы мамыр-шілде аралығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылдың шілдесінен бастап тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.