Данияр Қадыров мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Данияр Қадыров мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 

2000-2004 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі қызметтерде жұмыс істеген.

2004-2005 жылдары — ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; Жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2015-2019 жылдары — «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры.

2019-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.