«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы конкурсының онлайн-дауыс беру нәтижелері жарияланды

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы конкурсының онлайн-дауыс беру нәтижелері жарияланды

2023 жылғы 4 қарашада «Жыл волонтері» сыйлығын алуға онлайн-дауыс беру аяқталды, оған 143 үміткер қатысты.

 Qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасындағы дауыс беру нәтижесі бойынша екінші турға 105 үміткер өтті.

 Халықаралық сыйлықты беру қағидаларына сәйкес, әр номинация бойынша ең көп дауыс жинаған 10-нан артық үміткер келесі кезеңге өте алмайды. Үміткерлердің өтінімдерін Конкурстық комиссия қарайтын болады.