2023 жылғы 6 қарашада сағат 16:00 онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді.
Отырыста Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарының әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептерді тыңдау жоспарланған. Сондай-ақ БАҚ өкілдерінің мәслихаттардың ашық отырыстарына қол жеткізудің мәселесі қаралатын болады.
Комиссия отырысының трансляциясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Facebook-тің ресми парақшасында өтеді https://www.facebook.com/aqparatqogam.
Комиссия отырысы сурдо және синхронды аудармамен сүйемелденеді.