
18 қазан күні Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі басымдықтарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарының қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Іc-шараға ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова, «Аймақ» қоғамдық қорының төрайымы Айгүл Соловьева, саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев, Қазақстан Азаматтық Альянсының вице-президенті Мұсағали Дуамбеков, «Қазақстанның заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Әбдікәрім Ақжанов қатысты.
ҚР Қоғамдық даму министрі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова Жолдаудың Қазақстан халқы үшін бұл көптен күткен және маңызды жаңалық екенін, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелеріне және Қазақстанның әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеттеріне арналғанын атап өтті. Жолдауда қазақстандық қоғамның барлық негізгі аспектілері: халықтың табысы, тұрғын үй, жол мәселесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, отбасы және жастар, ауыл шаруашылығы салалары қамтылған.
Дөңгелек үстел барысында саясаткер Сұлтанбек Сұлтанғалиев саяси партиялар, қоғамдық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық емес қорлар сияқты азаматтық қоғам институттарыкөптеген отандастарымыздың өмірін жақсы жағына қарай өзгертетін әлеуметтік процестерді жандандыратын жылжытушы күш болып табылады. Сондай-ақ оның айтуынша, ең бастысы, Елбасының: «Әр қазақстандық азамат реформаның мәнін және Отанымыздың гүлденуі үшін олардың маңыздылығын нақты түсінуі керек. Оларды табысты іске асыру үшін бүгінгі таңда ортақ мақсаттарға жету үшін қоғамды шоғырландыру маңызды» деген сөздері халықтың ойлауы мен дүниетанымына жағымды әсер ететіні сөзсіз екенін атап өтті.
«Жолдаудың басымдықтары- жаңғыру және реформалау үдерістерінің логикалық жалғасы болып саналады. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, реформа жүргізу барысында азаматтық қоғамның маңызды мәселелерді шешуге қатысуы Мемлекет басшысы қойған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асырудың басты шарты болып табылады» - деп атап өтті Әлия Ғалымова.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті, Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы.