Astana AgroForum 2018 аясында ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-дың даму жайы талқыланады

Astana AgroForum 2018 аясында ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-дың даму жайы талқыланады

24-25 қазан күндері Астана AgroForum-2018 шеңберінде ұйымдастырылған ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды дамыту мәселелері жөніндегі республикалық конференция өтеді. Конференцияны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі мен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» Заңды тұлғалар бірлестігі.  

24 қазан, конференцияның бірінші күні «Азаматтық қоғам және мемлекет: әріптестік, диалог және жауапкершілік» тақырыбында пленарлық отырыс өтеді. Конференцияға қатысушылар азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытудағы үкіметтік емес сектордың рөлін талқылайды.

Сонымен  бірге, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму  министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ  ұйымдастырған ауылдық ҮЕҰ арасындағы әлеуметтік жобалар байқауының қорытындысы шығарылады.

Конференцияның екінші күні, 25 қазанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ арасындағы өзара түсіністік, серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өңірлік әкімдіктердің, ҮЕҰ және бизнес өкілдерінің қатысуымен «Ауылды жерлерде азаматтық қоғам мен ҮЕҰ дамыту» тақырыбында пікірталас алаңын ұйымдастыру жоспарланған.

 Естеріңізге сала кетейік, Astana AgroForum 2018 - бұл алдағы 10 жылда агроөнеркәсіптік кешеніндегі еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру міндеті жүктелген  ауқымды мемлекеттік жоба болып табылады.