
2018 жылғы 24 қазан күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасының кітапханасында - VIII Азаматтық Форумға дайындық жұмыстары аясында Астана қаласы үкіметтік емес ұйымдарының өңірлік конференциясы өтті.
Іс-шараға ҚР Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев, Астана қаласының әкімі Б.Сұлтанов, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам саласының өкілдері қатысты.
Осыдан 15 жыл бұрын Астанада алғашқы Азаматтық форум өтіп, Қазақстанның Азаматтық Альянсы құрылған болатын. Биыл Астана өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Осылайша, осы уақыт ішінде Астана Қазақстанның дамуының символына айналып, және жоғары мәдениет пен жауапкершілікке ие азаматтардың жаңа буынын қалыптастырды.

2010 жылғы желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ тарихи саммитінің өтуі, Астана декларациясының қабылдануы, 1975 жылғы Хельсинки декларациясының рухын жалғастырып, азаматтық қоғам мен ҮЕҰ-ды дамытуға тың серпін берген болатын.
Ағымдағы жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы диалогты дамыту жөнінде айтқан болатын.
Осыған байланысты, өзінің баяндамасында министр Дархан Кәлетаев, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы диалогқа кедергі келтіретін мәселелелерге тоқталып өтті. Олар мынадай:

Сонымен қатар форумда Астананың азаматтық бастамалардың өсуі үшін маңызды орталыққа айналғаны айтылды. Мұнда әлеуметтік кәсіпкерлік саласында маңызды жобалар жүзеге асырылуда, республикадағы алғашқы үкіметтік емес ұйымдар Үйі ашылып, функционалдық талдау негізінде Қоғамдық даму басқармасы құрылды.