АҚДМ-де АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

АҚДМ-де АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Достар!

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшылығымен кездесу мүмкіндігі туралы еске саламыз. Карантиндік шектеулерге қарамастан, сіз өзіңізді мазалаған мәселелерді біздің министрмен және вице-министрлермен талқылай аласыз. Осы уақытта сіз бен біздің денсаулығымызды қорғау үшін, Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимінің жалғасуына байланысты, азаматтар онлайн режимде қабылданады.

Жазылуға болатын ең жақын күндер:

22 мамырда вице-министр азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың дамуы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы, волонтерлық, медиация, қоғамдық кеңес, бейбіт жиналыстар саласындағы  саясатты қалыптастыру мәселелері бойынша  Есин Данияр Нұрашұлының қабылдауы өтеді;

27 мамырда сізді жастар мен отбасы саясатын қалыптастыру, қоғамдық сананы жаңғырту және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру сұрақтарына жетекшілік ететін вице-министр Оспанқұлов Ғабидолла Абдуллаұлы қабылдайды;

28 мамырда вице-министр Әзілханов Марат Алмасұлы діни қызмет, конфессияаралық және ұлтаралық келісім мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды.

29 мамырда министрдің азаматтарды қабылдауы өтеді.

Министрлік басшылығының қабылдауына  жазылу үшін келесі сілтеме арқылы өтіп, кестеде көрсетілген нөмірлерге хабарласыңыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/activities/appointment-schedule?lang=kk

Алдын ала жазылу Министрліктің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/about?lang=kk сілтемесі бойынша немесе +7 (7172) 74-04-98 телефоны арқылы жүзеге асырылады.