Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) «Ашық НҚА» интернет-порталында орналасқаны туралы хабарлайды.

         Заң жобасы «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 32-тармағын орындау мақсатында әзірленген және заңнамалық актілердегі нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау мәніне жүргізілген ревизия нәтижесінде 19 заңға түзетулер енгізіледі, атап айтқанда заңдардан құзереттер алынып тасталып, кейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде белгілеу ұсынылады.

Осыған байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аталған заң жобасын талқылауға шақырады.       

Заң жобасы мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14754091