
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық әзірленіп, бекітілді.
Бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағында музыкалық сипаттағы материалдарды тарататын БАҚ мониторингін есептеу әдістемесін жетілдіру көзделген.
Мәселен, музыкалық сипаттағы материалдарды тарататын теле -, радиоарналарға «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның 10-бабы
2-тармағының талабы қолданылмайды.
Яғни, мониторинг есебіне тек музыкалды емес контент алынады.
Бұйрық 2020 жылдың 15 мамырыдан бастап қолданысқа енгізілді.