
Астанада, Республика күнінің қарсаңында «ОТБАСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» атты халықаралық конференция өтті.
Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Түркия, Венгрия, Чехия, Австрия, Ресей және Қазақстанның ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ азаматтық сектор өкілдері қатысты.
Аида Балаева демография мәселелері қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдері үшін өзекті екенін атап өтті. Кейбір елдер демографияның төмендеуі проблемасына; ал басқалары халықтың көптігі мәселесіне тап болады. Осындай барлық мемлекеттерді – демографиялық саланы дамытудың маңызы және оларға демографиялық фактор қоятын сын-қатерлер деген секілді мәселелер біріктіреді.
«Қазақстанның демографиялық ерекшеліктері бүгінде демографияның жоғары болуымен байланысты және мемлекеттің жаңа экономикалық, инфрақұрылымдық сын-қатерлерді еңсере алуы мен жаңа ұрпақтың дамуы үшін жағдай жасау маңызды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экономикалық саясаттың жаңа моделіне көшу жағдайында әлеуметтік, отбасылық және демографиялық мәселелер ерекше маңызға ие. Президент мемлекеттің демографиялық өзгерістерді болжау, олардың салдарын анықтау, түсіну және олармен күресу үшін уақтылы шаралар қабылдау қабілетін қамтитын «тұрақты демографиялық дамудың» маңызын атап өтті»,- деді Аида Балаева. Сондай-ақ, ол: бұл мәселе барлық қатысушылар тарапынан кешенді тәсілді, және тиісті саясатты қалыптастыруды талап ететінін айтты.
Жалпы, конференция барысында сарапшылар Қазақстандағы демографиялық ахуалға, отбасы институтын нығайту, сондай-ақ демографиялық дамудың оң үрдістері мен сын-тегеуріндерге байланысты өзекті мәселелерді талқылады.