Қазақстанның бизнес қауымдастығы азаматтық секторды дамытуға бағытталған қоғамдық маңызы бар жобаларға белсенді түрде қатысуға дайын

Қазақстанның бизнес қауымдастығы азаматтық секторды дамытуға бағытталған қоғамдық маңызы бар жобаларға белсенді түрде қатысуға дайын

Билік, қоғам және бизнес арасындағы үшжақты әріптестік моделін дамыту мәселелері «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ ҮШІН – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» XI Азаматтық форумында талқыланды.

Үшінші секторды дамытудың маңызды мәселелері талқыланған пленарлық отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, ҮЕҰ көшбасшылары, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, еліміздің барлық өңірлерінен келген азаматтық белсенділер қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік, қоғам және бизнес арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше мән беретінін еске салды.

«Осы орайда, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында «біз сұраймыз – сіздер көмектесесіздер» қағидаты бойынша емес, «мәселе бар – бірге шешеміз» қағидаты бойынша құрылатын «қоғам және бизнес» тиімді диалогын құруға қолжеткізу өте маңызды. Азаматтардың өмір сүру сапасының жоғары стандарттарына қолжеткізу 3 тараптың әлеуетін тиімді өзара шоғырландыру негізінде ғана мүмкін болады. Олар: үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қоғамдастық және мемлекет. Бұл бағытта біз бизнес-қоғамдастыққа үлкен үміт артып отырмыз», - деп атап өтті.

«Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асанов елге қызмет етудің және әрбір азаматтың егеменді мемлекеттің дамуына қатысуының маңызы туралы, бизнестің әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларға белсенді түрде қатысуға дайын екенін атап өтті.