Қазақтандық делегация Бүкіләлемдік толеранттылық Саммитіне қатысты

Қазақтандық делегация Бүкіләлемдік толеранттылық Саммитіне қатысты

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен Бүкіләлемдік толеранттылық саммитінде Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Б.Бекназаров бастаған қазақстандық делегация құрамында Қоғамдық даму вице-министрі Б.Арын да болды.

Дубайдың Халықаралық толеранттылық институты және БАӘ вице-президенті,  Премьер-Министрі және Дубай билеушісі шейх Мухаммед бен Рашид Әл-Мактуманың қолдауымен  «Плюрализм арқылы өркендеу: инновация мен ынтымақтастық арқылы гүлдену» тақырыбында саммит ұйымдастырылды. 

 Халықаралық форумға қатысушылардың саны 1800 адам болды, оның ішінде үкімет басшылары, заң шығарушы органдар, халықаралық, үкіметтік емес және дін ұйымдары өкілдері, беделді сарапшылар мен дипломаттар бар. БАӘ Ұлттық Федералдық Мәжілісінің спикері , доктор  Амаль Әл-Кубейси, Араб мемлекеттері Лигасының бұрынғы Бас хатшысы және Египеттің бұрынғы сыртқы істер министрі Амр Муса, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының арнайы кеңесшісі  Адам Динг, үндеу жөніндегі Әмірліктер Кеңесінің Төрағасы және БАӘ-нің  Бейбітшілікті насихаттау жөніндегі Форум Президенті шейх Абдалла бен Бая, Парламентаралық кеңестің Бас хатшысы Мартинг Чунгогн және т.б қатысты.  

Саммит барысында қатысушылар толеранттылық мәселелерінің түрлі аспектілерін қарастырылды. Көптеген спикерлер жастар арасында сапалы білім беру бағдарламалары арқылы және отбасылық білім беру үдерісінде төзімділік құндылықтарын қалыптастыру мен дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сарапшылар осы саладағы қызмет барлық мемлекеттердің үкіметтерінің басымдықтарына айналып, бағдарламалық және кешенді негізде жұмыс жүргізуге уағдаласты. Бұл тұрғыда мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері мен әлеуетін пайдалану қажет.

 

Қатысушылар көптеген елдерде  әртүрлі деңгейде осы бағытта оң  тәжірибе жинақталғанына тоқталып, аталған тәжірибелерді толеранттылықты дамытуға бағытталған ұлттық және халықаралық шараларды бағыттау қажеттігін атап өтті. Дінаралық және этносаралық қақтығыстардың алдын алу, экстремизм мен радикализмге қарсы тұру, мәдениетаралық қарым-қатынас пен әртүрлі қауымдастықтар арасындағы қатынастарды дамыту, адам құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде діни, нәсілдік, этникалық немесе өзге де негіздер бойынша кемсітушіліктің алдын алу мәселеріне назар аударылды.

Қабылдаушы елдің өкілдері БАӘ-де әртүрлі салаларда - еңбек, білім беру, діни, пенитенциарлық және басқа да салаларда толеранттылықты сақтау және нығайту үшін құрылған инстуттар мен механизмдер туралы халықаралық қоғамдастыққа   егжей-тегжейлі хабардар етілді. Олар төзімділік пен қоғамдық келісімнің қамтамасыз етілуінде өздерінің жетістіктері мен тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін білдірді. 200 этникалық топтың өкілдері тұратын Әмірліктер елдерінің  экономикалық дамуына және оның тұрғындарының әл-ауқатына үлес қосып, толеранттылықтың өзіндік үлгісін қалыптастыра білді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Толеранттылық министрі Шейх Нахаян Мубарак Әл Нахаян Толеранттылық Альянсын құру туралы бастама көтерді.

Саммит аясында қоғамның толеранттылық қағидаттарын ұстанудың жалпыға ортақ құқығын сақтай отырып, жергілікті және халықаралық ұйымдар арасында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті көтермелеуге үндеу жасалды.