
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында 2019-2024 жылдарға арналған отбасын дамыту және қолдау Жол картасының жобасы ұсынылды.
Жол картасын отбасы саясаты саласындағы мүдделі мемлекеттік органдар мен сарапшылардың ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі әзірледі.
Құжат отбасын құрудың барлық кезеңдерінде кешенді ведомствоаралық жұмысты қамтамасыз етеді: некеге тұру туралы өтініш берген сәттен бастап, жүкітілібала туу кезеңінде де қолдау көрсету, отбасындағы дағдарыс жағдайлары мен ерлі-зайыптылармен ажырасу сатысында татуластыру мәселелерін қамтиды.
Мәселен, жас жұбайлармен неке тіркеу кезеңінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, арнайы ақпараттық брошюралар таратылады, болашақ ерлі-зайыптылар неке талаптары мен бір-бірінен не күтетіндерін жақсы түсінуі үшін жаттығу түріндегі тестілеулер өткізіледі. Сондай-ақ, жас отбасыларға арналған білім беру мекемелері мен жастар ресурстық орталықтарында арнайы орталықтар құру көзделген.
Отбасылық білімге, отбасының құндылықтарын түсіндіруге, толық отбасында баланы тәрбиелеу маңыздылығына, сондай-ақ жыныстық мәдениетті қалыптастыруға, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, әлеуметтік жетімдік пен қараусыздыққа жол бермеуге ерекше назар аударатын жастармен жеке жұмыс жүргізілетін болады. Егде жастағы адамдармен жұмыс істеу мәселелерін әлеуметтік интеграциялау тетіктерін дамытуға ерекше назар аударылатын болады.