Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсы аяқталды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсы аяқталды

6 қазанда Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Қожахмет Мадиярдың төрағалығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің Жұмыс тобы мүшелерін іріктеу рәсімі өтті. 

Конкурстық іріктеуге қатысуға 23 өтінім беріліп, 19 адам қатысты. Іріктеуге қатысушылардың арасындағы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобына азаматтық қоғамның 8 өкілі кірді.

Осылайша, Жұмыс тобының құрамына Айдие Айдарбеков, Мәдина Махметова, Анар Молдашева, Махаббат Еспенова, Әлібек Саттаров, Дамир Оразымбетов, Динара Өтебаева, Руслан Хамза және мемлекеттік органнан Мадияр Қожахмет кірді.

Талқылау нәтижесінде Жұмыс тобының мүшелері Жұмыс тобының жетекшісі ретінде Айдарбеков Айдие Ұланбекұлын сайлады.

Сондай-ақ, ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 21 мүше болып анықталды.

Енді Жұмыс тобы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесін  қалыптастыру жұмыстарын бастайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының құрамы (жүктеу/скачать)