
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Шушин ауданындағы Әзірбайжан Президентінің Арнайы өкілі Айдын Керімовпен және Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиевамен кездесуі өтті.
Министр өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанда "Шуша күндерін" өткізудің басталуымен құттықтап, министрлік жетекшілік ететін мәдениет саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Кездесу барысында бауырлас елдер арасындағы мәдениет саласындағы өзара күш-жігер мен серпінді және үдемелі қатынастарды нығайтуға бағытталған бірқатар мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, тараптар екі мәдениеттің өзара іс-қимылының алдағы жоспарларын қарастырды.
Кездесу соңында министр Аида Балаева ортақ мақсаттарға жету үшін тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниет білдірді.
Әзірбайжан өкілдері өз кезегінде кездесуге ризашылықтарын білдірді.