Хабарландыру

Хабарландыру

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу өтініштер мен құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларының                      4-тармағына сәйкес, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығы, бұдан әрі – Қағидалар) жаңадан пайда болған мемлекеттік органдар аккредиттеуді олар қайта ұйымдастырылған кезден бастап 3 (үш) ай ішінде жүзеге асырады.

Осыған байланысты Министрлік жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу өтініштер мен құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші электрондық нысанда электрондық мекенжайға k.kense@mki.gov.kz:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 3 қазаннан 16 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Аккредиттеу туралы қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:+7 (7172) 74-05-53, +7 (7172) 74-05-20.