
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) негізінде Астана қ. уақыты (3 жұмыс күні ішінде) 2 қазан сағат 9.00-ден бастап 5 қазан 18:30-ға дейін жоспарланған ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында – «РӘТ бөлімінде» ««Онлайн жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат даму министрлігі бұйрығының жобасы» бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу туралы хабарлайды.
Бұйрық жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14735179 сілтемесі бойынша қолжетімді.
Бұдан басқа, Астана қ. уақыты бойынша ағымдағы жылғы «16» қазан күні сағат 15.00-де (жоғарыда көрсетілген қағидалардың 18-тармағының 1) тармақшасы негізінде) қосымша ZOOM-конференция өткізу туралы атап өтеміз.
Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымын және ұялы телефон нөмірін a.ybyraiymbek@mki.gov.kz электрондық поштаға жіберуді сұраймыз. Zoom сілтемесі мүдделі тұлғаларға ұялы телефон нөмірлеріне бағытталады. Барлық сұрақтар бойынша телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: + 7 (7172) 74-04-91, 74-12-83.