Жұмыс тобына кандидатураларды ұсынуға қатысты

Жұмыс тобына кандидатураларды ұсынуға қатысты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын жасақтап жатыр.

Осыған байланысты, кандидатураларды (аты-жөнін, лауазымын және ұялы телефон нөмірін көрсете отырып) n.zheken@qogam.gov.kz электрондық поштасына ағымдағы жылдың 2 қазанына дейін ұсынуды сұраймыз.