
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет және ақпарат саласындағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізетіні туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына және Қоғамдық кеңес туралы 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Үлгілік ережеге сәйкес).
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.
Құжаттар 2023 жылдың 26 қыркүйек – 2 қазан аралығында қабылданады.
Жұмыс тобының сандық құрамы 9 адам, оның ішінде 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 7 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (Қазақстан Республикасының азаматтары).
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралымдарың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберіледі.
Жұмыс тобының отырысына бақылаушы ретінде қатысу үшін бақылаушы болуға ниет білдірген адам, (4-қосымша) бойынша өтініш бере алады.
Құжаттар qogamdyqkenesmior@gmail.com электрондық поштасына жіберіледі.
Анықтама телефоны: 8 7172 74 04 50