Өңірлік Азаматтық форумдар жалғасып жатыр

Өңірлік Азаматтық форумдар жалғасып жатыр

Қазақстанның ХІ Азаматтық форумының бірінші кезеңі аясында 2023 жылдың 5-15 қыркүйек аралығында Өңірлік Азаматтық форумдар өткізілді.

  • 5 қыркүйек – Шығыс Қазақстан облысы. Тақырыбы: «Мықты аймақтар - мықты ел. Азаматтық сектор – адамдардың мүддесін қорғау жолында»;
  • 6 қыркүйек – Павлодар облысы. Тақырыбы: «Қолайлы орта құрудағы азаматтық қоғамның рөлі»;
  • 11 қыркүйек – Жамбыл облысы. Тақырыбы: «Мемлекет, қоғам, бизнес – Әділетті Қазақстан құрудағы әріптестік»;
  • 13 қыркүйек – Солтүстік Қазақстан облысы. Тақырыбы: «Жастардың болмысында патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу жолында   мемлекет, қоғам және отбасы ресурстарын біріктіру»;
  • 15 қыркүйек – Атырау облысы. Тақырыбы: «Әлеуметтік әріптестік құралдары – өңірдің қарқынды  дамуының негізі».

Форум жұмыстарына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Қазақстанның Азаматтық альянсының Президенті Бану Нұрғазиева, сонымен қатар, ҮЕҰ, сарапшылар мен бизнес қоғамдастығы, саяси партиялар, мемлекеттік органдар және т.б. өкілдері қатысты.

Іс-шаралардың барысында панельдік сессиялар, түрлі диалогтық алаңдар ұйымдастырылып, онда қоғамдық кеңестердің мәселелері мен перспективалары; жастарды қоғам өміріне тарту үшін мемлекет, қоғам және отбасы ресурстарын пайдалану арқылы әлеуметтік әріптестікті дамыту және өзара іс-қимылды жақсарту; соған қоса, Қазақстан мен оның азаматтық қоғамын дамытуға бағытталған өзекті тақырыптар талқыланды.