
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңкар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Өзбекстан, Қырғызстан, Азербайжан елдерінің және Ресей Федерациясының делегацияларының қатысуымен «Saraishyq upgrade 2023» халықаралық жастар форумы өтті.
Форумның мақсаты – халықаралық тәжірибе алмасу, теориялық және практикалық дайындық, шабыттану және өзекті мәселелерді шешудің жаңа жолдарын құру.
Форумға 200-ге жуық қатысушылар креативті индустрия саласындағы «Кинематография», «Маркетинг», «ІТ», «Музыка» бағыттары бойынша Жандос Айбасов, Аблай Юсупов, Жандос Турсумбаев, Ерлан Есимсеитов, Ерболат Беделхан, Азат Абыкен, Айзатулла Хуссейн сынды спикерлер жастармен пікір-алмасу жүргізді.
(с) ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі