
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №748 бұйрығымен бекітілген) негізінде Астана қ. уақыты (үш жұмыс күні ішінде) 15 қыркүйек сағат 9.00-ден бастап 19 қыркүйек 18:30-ға дейін жоспарланған ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында – «РӘТ бөлімінде» «Телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және ҚР аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-радио сигналын жеке қабылдауға арналған телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне уақтылы қолжеткізу карталарын таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу» бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу туралы хабарлайды.
Бұдан басқа, Астана қ. уақыты бойынша ағымдағы жылғы 28 қыркүйек күні сағат 15.00-де (жоғарыда көрсетілген қағидалардың 18-тармағының 1) тармақшасы негізінде) қосымша ZOOM-конференция өткізу туралы атап өтеміз.
Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымын және ұялы телефон нөмірін n.zheken@qogam.gov.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз. Zoom сілтемесі ұялы телефон нөмірлеріне жіберіледі. Барлық сұрақтар бойынша + (7172) 74-12-68, 74-05-53, 74-12-85 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.