Жастар және отбасы саясаты саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы хабарлама

Жастар және отбасы саясаты саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы хабарлама

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде Жастар және отбасы саясаты саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің құрамын бекітуді жоспарлауда.

Салалық кеңес консультативтік-кеңесші орган ретінде:

- мемлекеттік орган әзірлеген салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;

- мемлекеттік орган әзірлеген кәсіптік стандарттарды келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі ұсыныстарын келіседі;

- кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша мемлекеттік органның ұсыныстарын келіседі және өзге де функцияларды атқаратын болады.

Осыған байланысты, Салалық кеңестің құрамын қалыптастыру және бекіту үшін:

1) жазбаша өтінішті (өтініш формасы қоса ұсынылады);

2) жастар және отбасы саясаты саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес) ұсынуды сұраймыз.

Бұл ретте Салалық кеңестің құрамына:

1) мемлекеттік органның;

2) ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;

3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;

4) жұмыс берушілердің;

5) салалық кәсіптік одақтардың (бар болса);

6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдардың (бар болса);

7) жастар және отбасы саясаты саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екеуден аспайтын өкілі іріктелетінін атап өтеміз.

Салалық кеңестің құрамына енгізу үшін кандидатура бойынша өз ұсыныстарыңызды және оған қоса берілетін құжаттарды 2023 жылғы 21 қыркүйекке дейінгі мерзімде m.esekeeva@qogam.gov.kz (жастар саясаты бойынша)i.tursyn@qogam.gov.kz (отбасы саясаты бойынша) электронды пошта арқылы ұсынуды сұраймыз.

өтініш формасы (жүктеу/скачать)