Мәдениет саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес құру туралы хабарландыру

Мәдениет саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес құру туралы хабарландыру

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында Мәдениет саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің құрамын бекітуді жоспарлап отыр.

Салалық кеңес консультативтік-кеңесші орган ретінде мынадай функцияларды жүзеге асыратын болады:

- мемлекеттік орган әзірлеген салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;

- мемлекеттік орган әзірлеген кәсіби стандарттарды келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру жөніндегі ұсыныстарын келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстарын және басқаларын келіседі.

Осыған орай салалық кеңестің құрамын қалыптастыру және бекіту үшін мыналарды ұсынуды сұраймыз:

1) жазбаша өтініш (өтініш нысаны қоса беріледі);

2) мәдениет саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес).

Салалық кеңестің құрамына екі ғана өкіл іріктелетінін атап өтеміз:

1) мемлекеттік органның;

2) ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;

4) жұмыс берушілер;

5) салалық кәсіптік одақтар (бар болса);

6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдар (бар болса);

7) мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары.

Кандидатуралар бойынша ұсыныстар мен оларға қоса берілген құжаттарды салалық кеңестің құрамына енгізу үшін 2023 жылғы 18 қыркүйекке дейінгі мерзімде daria_131_168@mail.ru электрондық мекенжай бойынша ұсынуды сұраймыз.

өтініш формасы (жүктеу/скачать)