Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс

Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс

ҚР Мәдениет және ақпарат және министрлігі телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурс ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірде № 489 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өткізіледі.

Бұл қағидаларға сәйкес конверттерді ашу 2023 жылғы 4 қазан, сағат 15.00-де Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 10, (Министрліктер үйі), 14 кіреберіс, 745 кабинетте өтеді. Конкурс қорытындысы конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жоғарыда көрсетілген мекенжайда шығарылады.

Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.

радио хабарларын таратуға арналған жиілік белдеулерінің тізімі (жүктеу/скачать)