«Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры – бос лауазымына орналасуға хабарландыру

«Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры – бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Талдау және ақпарат отралығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мелекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) директоры – бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 30 ғимарат.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі 2023 жылғы
2 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланған күнінен бастап қабылданады және     конкурс жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

Конкурс 2023 жылғы 18 қыркүйекте, мына мекенжайда өтеді: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14 кіреберіс,  5  қабат, 587 кабинет, анықтама үшін телефондар: +7 (7172) 74 01 85, 74 05 84.

Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелерін ақпараттық және  әдістемелік, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманың сақталуына бағытталған іс-шараларды ақпараттық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады.        

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар 

1) жоғары кәсіби: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (саясаттану, журналистика, экономика, қаржы), техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару), немесе құқық (құқықтану), немесе іскерлік басқару магистрінің дәрежесі (MBA), менеджемент саласындағы қосымша білім болуы құпталады;

2) мамандығы бойынша және Кәсіпорын бейініне сәйкес келетін саладағы басшылық қызметтегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

3) ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР Бюджет кодексін,
ҚР «Бұқаралық акпарат құралдары туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы», «Жарнама туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарды  білуі қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату, Интернет желілерін реттеу саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ негізгі мемлекеттік стратегиялық құжаттарды білуі қажет;

4) Директордың функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпы басшылық ету; Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және оның үздіксіз қызметін қамтамасыз ету; берілген заңнамалық құқықтары шегінде Кәсіпорынның  қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешу, қызметінде және шаруашылық-экономикалық байланысты жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; Кәсіпорынның алған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынасын реттеу; жаңа техникалар мен технологияларды, еңбекті басқарудың прогресивті  формасы мен ұйымдастыруды ендіруге жағдай жасау; Кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің жұмысы мен заңдылықты сақтауын қадағалау; сотта, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Кәсіпорын мүддесін қорғау.

Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
         2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
         3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
         4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтардың көшірмелері;

 6) белгіленген нысандағы денсаулығының жай-күйі туралы анықтама.

 Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілігін арттыруы, ғылыми атақтар мен деңгейлерін алуы, ғылыми жарияланымдары туралы құжаттардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсынымдар және т.с.).