
ҚР Қоғамдық даму министрлігінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Кездесуді ашқан ҚР Мемлекеттік даму министрі Дархан Кәлетаев министрліктің ұжымын және ведомстволық бағынысты ұйымдарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Ол тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты екенін және әріптестеріне алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге тілек білдірді.

Министр ведомстваның 23 қызметкеріне астананың қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқаны үшін «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдарын табыстады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің еліміздің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі баяндалатын «Модель Назарбаева» атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті.