
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров пен АҚШ-тың Орталық Азиядағы Халықаралық даму агенттігі (USAID) директорының орынбасары Луис Риверамен кездесуі өтті.
Данияр Қадыров америкалық әріптестеріне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің сәлемін жеткізіп, ведомствоның қызметі, оның нәтижелері мен даму перспективалары туралы хабардар етті.
Кездесу барысында тараптар азаматтық қоғам мен демократиялық институттарды, медиа саланы және заңнаманы, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, сондай-ақ ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың жобалау қызметі бойынша тәжірибе алмасудың өзекті мәселелерін талқылады.
Луис Ривера мырза өз сөзінде осы кездесуге ризашылығын білдіріп, отырысқа қатысушыларды әріптестікті нығайту мақсатында өңірдегі USAID жұмысының тәсілдері туралы хабардар етті.
Талқылау қорытындысы бойынша тараптар әлеуметтік жобаларды жоспарлау мен мониторингтеуде өзара іс-қимыл жасау, квазимемлекеттік секторға және ҮЕҰ секторына халықаралық сараптамалық әлеуетті тарту, сондай-ақ 2024 жылы ынтымақтастықты тереңдету туралы уағдаласты.
Кездесу соңында Данияр Қадыров Луис Ривера мырзаны қазан айында өтетін Қазақстанның XI Азаматтық форумына қатысуға шақырды.