Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі интернет-ресурстар арасында республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Астана қ., Мәңгілік Ел даң., 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс мекенжайы бойынша жіберіледі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңсесі 2023 жылғы 18 тамыз сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер мына Астана қ., Мәңгілік Ел даң., 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс, 745 кабинет мекенжай бойынша 2023 жылғы 21 тамыз сағат 17:00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға республикалық деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ТАПСЫРЫСҚА» және «2023 жылғы 21 тамыз сағат 17:00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар (жүктеу)

Қағидалар (жүктеу)

Тематикалық бағыттар (жүктеу)