
ҚР Қоғамдық даму министрлігі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысының негізгі күн тәртібі форумның қорытындылары мен Қазақстанның VIII Азаматтық форумының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау, сондай-ақ 2019 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарының жобасын қарау болды.
Қазіргі уақытта VIII Азаматтық форумның қорытындысы бойынша Қазақстанның Азаматтық Альянсы форумның әр түрлі алаңдарынан ұсынымдар жинағын дайындады. Мемлекет басшысының
VIII Азаматтық форумның пленарлық отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген іс-қимыл жоспары әзірленді.
Жоспар мемлекеттің әлеуметтік саясатын нығайтуға, сындарлы азаматтық белсенділікті қолдауға және елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағдарланған азаматтық сектордың бастамалары мен ұсыныстарын іске асыруды көздейтін бағыттарды қамтиды.
Сондай-ақ, отырыста 2019 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспары қаралды.
2005 жылдан бастап Үйлестіру кеңесі мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың тұрақты жұмыс істейтін диалогтық алаңы болып табылады. Кеңес жұмысы барысында ҮЕҰ-дардың 120-дан астам өзекті мәселелері қаралып, 400-ге жуық ұсыныстар әзірленді. Ұсынымдарды іске асыру нәтижелері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін жетілдіру, ҮЕҰ қаржыландырудың жаңа нысандарын – гранттар мен сыйлықақыны енгізу болды.
Қоғамдық даму министрлігінің жаңа тәсілдері ескеріле отырып, Кеңестің құрамы кеңейтілді. Сонымен, ҮЕҰ басшылары мен министр орынбасарларынан басқа, оған ҚР Парламентінің депутаттары мен бизнес қауымдастық өкілдері кірді. Сондай-ақ, Қазақстанның азаматтық Альянсының (ҚАА) рөлі белгіленді. ҚАА президенті Кеңес төрағасының орынбасары болып сайланды.
Сонымен қатар, отырыстарды өткізу мерзімділігі қайта қаралды. ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылдың әртүрлі алаңдарының жұмыс істеуін ескере отырып, сондай-ақ Кеңес ұсынымдарының тиімділігін арттыру мақсатында отырыстарды өткізу алгоритмі жарты жылдық негізге ауыстырылатын болады.