Астанада Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті

Астанада Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті

2018 жылғы 21 желтоқсанда Министрліктер үйі ғимаратында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арынның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа мемлекеттік органдар, діни бірлестіктердің өкілдері, сонымен қатар дінтанушы-ғалымдар қатысты.

Кездесу барысында дінтану кадрларын даярлау мәселелері, исламтанудың қазақстандық мектебін құру туралы, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Б. Арын радикалды идеялардың таралуына қарсы тұрудың тиімді жолдарының бірі білім беру екенін атап өтті. Бүгінгі күні діни зерттеулер елдің білім беру жүйесінде маңызды орын алады.

Осыған байланысты, ол қазақстандық жастардың шетелге шықпай дін туралы лайықты білімдерін алу үшін діни білім беру сапасын жақсарту үшін жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде қазақстандық исламтану мектебі қазақ халқының тарихи-мәдени және рухани дәстүрлерін ескере отырып, ұлттық мүдделерге негізделген исламды зерттеуге арналған заманауи мектептің құрылуын, қазақ қоғамындағы бөтен діни көзқарастардың таралуына кедергі келтіретінін атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері дінтану, теология және исламтану саласындағы мамандардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар жасады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізілді.