АҚДМ-де қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қызметкерлеріне марапаттар табыс етілді

АҚДМ-де қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қызметкерлеріне марапаттар табыс етілді

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға министрліктің және ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері, министрліктің еңбек сіңірген қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өз құттықтауында азаматтық қоғамды дамытудағы қазақстандық медиа-сектордың рөлін атап өтті және іс-шараларды қамту үшін жедел және кәсіпқойлық үшін қалам мен микрофон иелеріне алғысын білдірді.

Министр сондай-ақ әріптестерін өткен мерекемен - Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады. Ол барлығына жақсылық, өркендеу және алға қойған мақсаттарға жетуді тіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен министр Дәурен Абаевтың табыстауымен «Қазақстан» телеарнасының бас редакторы Нұрбол Қапеш, «Қазақстан» телеарнасының тележүргізушісі Ирина Тен, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторының орынбасары Нұрмұхамед Байғараев, «Tengrinews» ақпараттық порталының бас редакторының орынбасары Олжас Мырзағалиев марапатталды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры Гүлзира Сарина «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды. «Еңбек ардагері» медалі «Хабар» АҚ Заң департаментінің директоры Людмила Бояаринаға берілді.

«Жастар» Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев және бірқатар министрлік қызметкерлері Ақпарат  және қоғамдық даму министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.