Төтенше жағдай аясында үкіметтік емес сектор қалай жұмыс жасайды: Ресей мен Қазақстан тәжірибе алмасты

Төтенше жағдай аясында үкіметтік емес сектор қалай жұмыс жасайды: Ресей мен Қазақстан тәжірибе алмасты

«Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ бастамасы бойынша 2020 жылғы 22 сәуірде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстанның Азаматтық Альянсы және Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасы «COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияның таралу салдарларына қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында бірлескен бейнеконференция өткізді.

Конференция жұмысына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Асылбек Қожахметов, РФ Қоғамдық палатасы хатшысының орынбасары, Төтенше және Өкілетті Елші Сергей Орджоникидзе, сондай-ақ Қазақстан Азаматтық альянсының орталық және өңірлік кеңселерінің басшылары және РФ Қоғамдық палатасының комиссия мүшелері қатысты.

Бейнеконференция барысында Қазақстан мен Ресейде коронавирустық инфекцияның таралу салдарларымен күресу үшін қабылданатын шаралар бойынша мәселелер талқыланды.

Бейнеконференцияға қатысушылар тұрғындарды қолдау бойынша қабылданған шараларға қатысты, оған қоса ТЖ және карантиндік режим жағдайларында үкіметтік емес ұйымдар, волонтерлік қызмет, ҮЕҰ мен қоғамдық кеңестердің ТЖ режиміндегі жұмысына қатысты оң тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, тараптар коммерциялық емес сектор қызметіндегі короновирус пандемиясынан туындаған экономикалық салдарларды, қиындықтарды және оларды шешу жолдарын талқылады.

Бейнеконференция қорытындысы бойынша РФ Қоғамдық палатасының өкілдері 2020 жылдың 2-жартыжылдығына жоспарланған ірі іс-шараларға шақыру алды.