
2023 жылдың 1 шілде күні сағат 10.00-де Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласында «Алтын дән» мәдениет үйі, 2 қабатында (Тәуелсіздік көшесі, 61 а) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыровтың халықпен кездесуі өтеді.
Кездесу барысында ақпарат саласын, азаматтық қоғамды, жастар және отбасы саясатын, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды дамыту, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері талқыланады.
Министрліктің қызмет салаларына қатысты мәселелер бойынша Министрліктің ресми сайты арқылы «Онлайн-қабылдау» - «Сұрақ – жауап» - «Министрмен кездесу» санаты қойындысында хабарласа аласыз (https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/virtual-reception/question?lang=kk)
Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 8 (707) 709-00-61 телефоны бойынша және жұмыс поштасы a.kushkimbaev@qogam.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.