
2023 жылдың 30 маусым күні сағат 15.00-де Қостанай облысы, Қостанай қаласының «Студенттер мәдениет үйінде» (Текстильщик көшесі, 9) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыровтың халықпен кездесуі мен оның шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.
Кездесу барысында ақпарат саласын, азаматтық қоғамды, жастар және отбасы саясатын, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды дамыту, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері талқыланады.
Министрліктің қызмет салаларына қатысты мәселелер бойынша Министрліктің ресми сайты арқылы «Онлайн-қабылдау» - «Сұрақ – жауап» - «Министрмен кездесу» санаты қойындысында хабарласа аласыз (https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/virtual-reception/question?lang=kk)
Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 8 (707) 709-00-61 телефоны бойынша және жұмыс поштасы a.kushkimbaev@qogam.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.