
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі CNN компаниясының Стратегиялық серіктестік жөніндегі вице-президенті Константинос Ойкономоумен кездесті.
Әңгіме барысында CNN қызметкерлерінің біздің елдегі медиа мамандарға арнап бірлескен тренингтер өткізуі, тәжірибе алмасу, медиа контент жасау мәселелері талқыланды.
Константинос мырза компания Қазақстанда және Орталық Азия бойынша бірлесе жұмыс істеуге ынталы екенін айтты.
Қорытындыда Дархан Қыдырәлі CNN өкілін жуырда өтетін New Media форумына шақырды.
(с) ҚР АҚДМ баспасөз қызметі